+7 (775)827-31-24 kazatkastana@mail.ru

07.02.2024 ж.күні М.Тынышпаев ат.ҚазККА Ақмола колледжінде «Тарих іздері бойынша…» атты батырлық сабағы өтті. «Мемориалдық аймақ» іздеу отрядының мүшелері М.К.Кусайнов, С.М.Исенгуженов, В.Л.Ильченко, Е.Р.Баренов, П.А.Кравцов, Ю.В.Горбань, Р.В.Горбань, Е.Р.Бареновпен колледж студенттері кездесіп, Ұлы Отан соғысы және Ауған соғысының тарихы туралы, сонымен қатар отрядтың осы соғыс кезінде елге оралмай, ұрыс алаңында қайтыс болған жауынгерлерді табу мақсатында жүргізілген іздеу жұмыстары, нәтижелері мен деректері туралы ақпараттар берілді. Іс шараны ұйымдастырған алғашқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушысы, запастағы подполковник Н.С.Байбосынов, оқытушылар М.Агадаев пен Б.Көпбосын студенттердің ұлттық патриаоттық сезімдерін ояту мен Отанға, туған жерге сүйіспеншіліктерін арттыруда өз үлестерін қосты. Кеш қонақтары студенттермен ашық сұхбат өткізіп, алдағы уақытта да жалғасын табатындығын атап өтті.

Skip to content