+7 (775)827-31-24 kazatkastana@mail.ru

2023 жылдың 18-ші ақпаны күні Астана қаласының оқушылар сарайында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшыларының көшбасшылық әлеуетін жетілдіру және Қазақстан Республикасының кәсіптік білімін жаңғырту аясында жұмыс берушілермен әлеуметтік серіктестікті нығайту мақсатында «КӘСІПТІК БІЛІМ ЖӘНЕ БИЗНЕС: СЕРІКТЕСТЕР ДИАЛОГЫ» атты қалалық форумы өтті.
Форумда техникалық және кәсіптік білімнің және жас мамандардың заманауи еңбек нарығындағы сұранысы жайлы өзекті мәселелер көтеріліп, көптеген сұрақтарға жауап алынды. Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың стратегиясы мен негізгі бағыттары айқындалды. Отырыста Жунусов Ернат Гапуович – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры; Сенғазыев Қасымхан Сенғазыұлы – Астана қаласы Білім басқармасының басшысы; Утельбаева Шолпан Әнуарбекқызы – «Таlар» КЕАҚ президенті; Манкеев Мұхтар Наурызбайұлы – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ бас директоры; Киселева Ольга Павловна – «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры; Жолболдиев Бейсен Бөгенбайұлы – Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры сияқты, өз кәсібінің мамандары білікті кадрларды даярлау мәселелері жайлы өз баяндамаларымен бөлісті.
Сонымен қатар, форум барысында Астана қаласы әкімдігі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әлеуметтік серіктестерін марапаттап, алғыс хаттар ұсынды.
Ақмола колледжі өзінің әлеуметтік серіктесі – ҚТЖ ҰК АҚ «Ақмола филиалы ЖТ» филиалының басшысы – Рахимжанов Ерлан Бейсенбаевичке серіктестік жолындағы қосқан үлестері үшін алғысын білдіреді.

Skip to content