Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай М.Тынышпаев атындағы Астана көлік колледжінде футболдан жолдастық турнир өтті. Турнир «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ филиалы – Теміржолшыларды бағалау және дамыту орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.
ҚТЖ-ның тәжірибелі мамандары мен колледждің болашақ теміржолшылары рухты, шеберлікті, сабақтастық пен серіктестікті біріктіретін бір алаңда бас қосты.
Бұл жай ғана спорттық жарыс емес, шара патриотизмге, салауатты өмір салты мен жалпы құндылықтарды насихаттауға толы болды.
Шара барша қатысушыларды ел қорғаушыларын құрметтеуге, бейбіт күндердің қадірін түсінуге баулиды.
Мерекелеріңіз құтты болсын!