Жұмысшы мамандығы жылына арналған кәсіптік мектеп жобасы аясында біздің колледжде Астана қаласының мектептері арасында дебаттық турнир қызықты түрде өткізілді.
Бұл дебаттық турнирді “Ақиқат” пікірталас клубының жетекшісі, оқытушы Қалел Ғаққу және кәсіптік мектеп бағдарламасының үйлестірушісі Сарсенбаева А. О. ұйымдастырды.
Мақсаты: жұмысшы мамандықтарын дәріптеп, тіл шеберлігін дамыту.
Дебатқа Астана қаласының:
- №68 мектептің “Мирас” командасы (бапкері: Ташмағанбетов Айдос Серікбайұлы),
- №25 мектептің “Едіге” қыздар командасы (бапкері: Раймаева Алмагүл Әуелханқызы),
- колледж студенттерінен құралған “Ақиқат” пікірталас клубы қатысты.