8 776 905 2182 kazatkastana@mail.ru

Хакатонға колледж оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері мен жас педагогтер қатысып, командалар құрамында білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелерді шешуге бағытталған жобаларын әзірледі. Әр командаға арнайы менторлар бекітіліп, олар қатысушыларға бағыт-бағдар беріп, жобаларды жетілдіруде тәжірибелік қолдау көрсетті.

Қатысушылардың жұмыстарын білім беру және теміржол саласының білікті мамандарынан құралған қазылар алқасы бағалады. Сарапшылар жобалардың өзектілігіне, жаңашылдығына, практикалық маңыздылығына және жүзеге асыру мүмкіндігіне ерекше назар аударды.

Skip to content