Кездесу барысында 2026–2027 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының негізгі бағыттары талқыланып, тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Адал азамат» тұжырымдамасы мен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында білім алушылардың азаматтық жауапкершілігін, ұлттық құндылықтарын, еңбекқорлығын және патриоттық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар жоспары қарастырылды.
Жиын қорытындысында жаңа оқу жылындағы тәрбие жұмысының басым бағыттары айқындалып, бірлескен жұмыс жоспары бекітілді.