8 776 905 2182 kazatkastana@mail.ru

Астана қаласында «Қарызсыз қоғам» ұлттық әлеуметтік жобасы аясында кезекті оқыту шарасы ұйымдастырылды. Аталған жоба халықтың қаржылық мәдениеті мен сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды бастама болып табылады.

Іс-шараны «AMANAT» партиясының Астана қаласы Сарыарқа аудандық филиалы ұйымдастырып, М.Тынышбаев атындағы Астана ALT көлік колледжі ұжымына арналған арнайы оқу өткізді.

Кездесу барысында қатысушылар қаржылық сауаттылықтың негізгі қағидаларымен танысып, жеке қаржыны жоспарлау, табыс пен шығынды тиімді басқару, сондай-ақ қарыз жүктемесін азайту жолдары жөнінде жан-жақты ақпарат алды.

Оқытуға колледждің ұстаздар қауымы белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Айта кетейік, «Қарызсыз қоғам» жобасы еліміздің әр өңірінде жүзеге асырылып, мыңдаған азаматқа қолдау көрсетіп келеді. Сонымен қатар, колледждегі бастауыш партия ұйымы да өз жұмысын жүйелі түрде жүргізіп, түрлі әлеуметтік бастамаларды іске асыруда.

Skip to content