11 қыркүйек күні «Отбасы – бізден басталады» апталығына орай колледжде «Ұрпақтар диалогы: біз бір-бірімізден не үйрене аламыз?» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға студенттер, оқытушылар және Жастар ісі комитетінің белсенділері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында отбасы құндылықтары, ұлттық тәрбие, аға және жас ұрпақ арасындағы сабақтастық, заманауи технологиялар және мамандық таңдау тақырыптарында пікір алмасу ұйымдастырылды.