Бүгін колледжімізде тәжірибелі педагог-профориентолог Омарбек Көшкімбайұлының қатысуымен семинар өтті.
Кәсіби бағдар: “Мүмкіндіктер мен таңдау” тақырыбындағы кездесу-болашаққа бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, мамандық таңдауда бағыт-бағдар алды.
Кәсіптік мектеп жобасы аясында білім алатын Астана қаласының Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясы, №25 мектеп-лицейі және №96 мектеп-гимназиясының 9-11 сынып оқушылары қатысты.
Өз жолыңды табу, дұрыс таңдау жасау және мүмкіндіктерді тиімді пайдалану жайлы айтылған ойлар көпке мотивация болды