8 776 905 2182 kazatkastana@mail.ru

Халықаралық ынтымақтастық — білім мен дамудың жаңа мүмкіндігі!

Қытай Халық Республикасындағы Хэнань су шаруашылығы және қоршаған орта кәсіби колледжі өкілдері Астана қаласындағы М.Тынышпаев атындағы Астана ALT көлік колледжі арнайы іссапармен келді.

Кездесу барысында екі оқу орны арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу және болашақтағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар көлік және құрылыс салалары бойынша заманауи білім беру бағытындағы жоспарлар қарастырылды.

Қонақтар колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, студенттер және оқытушылар құрамымен кездесті.

Іс-шара достық әрі іскерлік атмосферада өтіп, алдағы серіктестіктің берік негізін қалады.

Skip to content