Бүгін біздің колледжде «Хэнань Лянфэй консалтинг инфобизнес» ЖШҚ қытайлық компания өкілдерімен кездесу өтті.
Қонақтар құрамында:
Ху Шию-Қазақстандағы жобалардың жетекшісі
Ву Ён (Willam) — компанияның басқарма төрағасы
Кездесу барысында ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары мен бағыттары айқындалды:
— Қытайда қысқа мерзімді оқу курстарын ұйымдастыру (2 апта);
— студенттер мен оқытушыларға арналған халықаралық тағылымдамалар;
— жаңа мамандықтардың ашылуы;
— заманауи оқу шеберханаларын құру;
— қытай тілін үйрену.
Бұл бастамалар біздің студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады: халықаралық тәжірибе жинақтау, кәсіби дағдыларды дамыту және мансаптық перспективаларды кеңейту.
Халықаралық серіктестермен ынтымақтастық – жоғары сапалы білім беру және халықаралық білім кеңістігіне кірігу жолындағы маңызды қадам.