8 776 905 2182 kazatkastana@mail.ru

М. Тынышпаев атындағы Астана ALT көлік колледжінің студенттері «Student Unity» жастар жобасы аясында ұйымдастырылған «Үлкен жарыстар» («Большие гонки») командалық эстафетасына қатысып, колледж намысын абыроймен қорғады.

Астана қаласындағы жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында өткен сайысқа барлығы 16 команда қатысты.

Тартысты бәсеке барысында біздің студенттер ұйымшылдықтың, бірліктің, ептілік пен өзара қолдаудың үлгісін көрсетіп, ҚҰРМЕТТІ III ОРЫНДЫ иеленді!

Skip to content