2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен «Пластикті толық жою мүмкін бе?» тақырыбындағы қалалық дебат турнирінде колледжіміздің «Ақиқат» дебат клубы III орынға ие болды.
Колледж дебатшылары: Орынбасарқызы Балнұр, Нұрғазин Ермахан және Калиякпаров Алихан.
Студенттеріміз өз білімдері мен ойлау қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетіп, экологиялық мәселелерге қатысты белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетті.
Қатысушыларды және дебат клубының жетекшісі Калел Гаккуды жетістіктерімен құттықтаймыз!