ALT University-де колледж студенттеріне арналған үш күндік Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар университеттің оқу мүмкіндіктерімен, білім беру ордасымен және ерекше академиялық атмосферасымен жан-жақты танысты.
Шараның бірінші күні университетпен танысуға және басшылық өкілдерімен кездесуге арналды. Студенттер жоғары оқу орнының құрылымы мен білім беру бағдарламалары туралы толық ақпарат алды.
Екінші күні қатысушылар Алматы қаласы бойынша экскурсияға шығып, қаланың көрікті жерлерін аралады. Бұл күн студенттер үшін тек демалыс қана емес, сонымен қатар мегаполистің мәдени және әлеуметтік өмірімен жақынырақ танысу мүмкіндігі болды.
Үшінші күні қорытынды кезең өтіп, үш күндік бағдарламаның нәтижелері шығарылды. Қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.