Бүгін М. Тынышпаев ат. Астана ALT көлік колледжіне Түркияның Стамбул қаласындағы Авджылар Мехмет Эмин Хороз атындағы кәсіптік-техникалық лицейінің өкілі Абдүсселам Яргын қонақта болды.
Кездесу барысында қонақ колледждің материалдық-техникалық базасымен, білім беру бағдарламаларымен, көлік саласы мамандарын даярлау жүйесімен және оқу процесінің ерекшеліктерімен танысты.