15 сәуір – Қозы Көрпеш – Баян Сұлу ғашықтар күні!
Бұл күн – шынайы махаббаттың, адалдық пен кіршіксіз сезімнің символы.
Осы ерекше күнге орай колледжімізде концерт ұйымдастырылды.
Кеш барысында:
- әсем әндер шырқалды;
- көркем би қойылымдары ұсынылды;
- сезімге толы сахналық көріністер көрсетілді.
Әрбір қойылым көрермен жүрегіне махаббат пен мейірім ұялатты.
Баршаңызды махаббат күнімен құттықтаймыз!