8 776 905 2182 kazatkastana@mail.ru

07130200 – «Электрмен қамтамасыз ету (сала бойынша)»

Біліктілік4S07130202-Техник-электрик

Оқу мерзімі: 
9 класс негізінде: 3 жыл 10 ай;
11 класс негізінде: 2 жыл 10 ай;
Техникалық және кәсіптік білім негізінде – 10 ай

Мамандықтың жіктелуі

Электрик – кәсіпорындағы электр және электромеханикалық жабдықтарға қызмет көрсететін маман.

Электриктің міндеттеріне келесілер жатады:

* электр және электромеханикалық жабдықтарына техникалық пайдалану және қызмет көрсету;
* тұрмыстық машиналар мен аспаптарға қызмет көрсету;
* электр және электромеханикалық жабдықты іске қосу, реттеу және сынау;
* электр жабдықтарының техникалық пайдалану ережелерін сақтау, стандарттау және сертификаттау сынақтарын жүргізу;
* өнімді метрологиялық тексеруден өткізу; ақаулар туралы акт және есеп құжаттамасын жасау;
* пайдалану объектісінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Электрик білу керек: электромеханикалық жабдықтарды баптауды, сынауды, пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді, электр қондырғыларына сервистік қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру.

Электрик істеу білу керек:

  • электр және электромеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, электр жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстарды орындау;
  • электр және электромеханикалық жабдықтарды баптауды, реттеуді және сынауды жүзеге асыру;
  • материалдарды, жабдықтарды, бақылау-өлшеу құралдарын таңдау үшін нормативтік және анықтамалық әдебиеттерді пайдалану.

Қолданылу аймағы

Электриктер электр және электромеханикалық жабдықтармен жабдықталған кез келген мекемеде жұмыс істей алады. Бұл бейіндегі мамандар құрылыс ұйымдарында, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарында сұранысқа ие.

Skip to content