8 776 905 2182 kazatkastana@mail.ru

Астанада жұмысшы мамандықтары бойынша білім алып жатқан колледж студенттерінің қатысуымен Жұмысшы мамандықтар жылының аяқталуына арналған флешмоб өтті.

Елордада аталған жылдың ресми жабылу рәсімі ұйымдастырылып, іс-шара барысында колледждердің негізгі жетістіктері мен бастамалары, жұмыс берушілермен бірлескен кәсіби білім беруді дамыту бағытындағы нәтижелер, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға арналған жұмыстар таныстырылды. Сонымен қатар кәсіби білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттау рәсімі өтті.

Осы шара аясында елорданың Білім басқармасы ұйымдастырған флешмобқа жұмысшы мамандықтары бойынша білім алып жатқан 2 000-нан астам колледж студенті қатысты. Аталған флешмобқа ALT колледжінің студенттері де белсенді қатысып, өз үлестерін қосты.

Skip to content