Бүгін Жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бөлімі апталығы өз шымылдығын ресми түрде ашты. Студенттерді қарсы алу сәті жылы атмосферада өтіп, апталыққа деген алғашқы қызығушылықты арттырды. Ашылу барысында ұйымдастырылған сұрақ-жауап бөлімі студенттердің белсенділігі мен қызығушылығын арттырды.
Апталық барысында бөлім білім беру, танымдық және шығармашылық бағыттағы әртүрлі іс-шараларды ұсынады. Бұл жұмыстар студенттердің пәндерге деген ынтасын күшейтіп, олардың академиялық және тұлғалық дамуына оң әсер етуге бағытталған.
Апталықтың басты мақсаты — білім сапасын арттыру, студенттердің дүниетанымын кеңейту және олардың танымдық белсенділігін қолдау.