«Заң және тәртіп» қағидаты аясында колледжіміздің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен оқытушылар мен қызметкерлерге арналған танымдық семинар өткізілді.
Семинар барысында тәлімгерлер мен жас мамандарға «Құқықтық сауаттылық» тақырыбында түрлі сұрақтар қойылып, қатысушылар өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті. Құқықтық жағдаяттарға байланысты сауалдарға ұтымды жауаптар беріліп, ой қозғайтын тапсырмалар орындалды.
Іс-шара қызықты ойын форматында ұйымдастырылып, қатысушылардың белсенділігін арттырды. Мұндай семинарлар құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және заңға деген құрметті нығайтуға ықпал етеді.
📌 Заңды білу – өз құқығыңды қорғаудың кепілі.