8 776 905 2182 kazatkastana@mail.ru

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында М.Тынышбаев атындағы Астана ALT көлік колледжінжде  директорлар кеңесінің төрағасы Серіктегі Арслан Бейбітұлы, ALT Университетінің ректоры Жармагамбетова Меруерт Советқызы, проректор Сергазин Ғани Құдайбергенұлы және Үрімжі Кәсіптік Университетінің өкілдері Тан Сяо Бин, Ха Вей Дун және Айнұр Тұрдымен кездесу өткізді.

Бұл кездесу Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайтуға, бірлескен білім беру жобаларын дамытуға және студенттер үшін халықаралық мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған.

Делегация мүшелері колледждің материалдық-техникалық базасымен және жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысып, алдағы уақытта логистика және автокөлік саласы бойынша жаңа шеберханалар ашу жайы талқыланды.

Skip to content