9Р-ТОР-23-1к және 9Ц ТОР-23/1к топтарында 2025 жылғы 08 желтоқсан мен 2026 жылғы 02 қаңтар аралығында өткен КМ4 «Локомотивті басқару және техникалық қызмет көрсету» өндірістік тәжірибесінің қорытынды қорғауы ұйымдастырылды.
Іс-шараға қатысқандар:
- Жумадильдин А.М. – колледж директоры;
- Ахметов Б.Ж. – директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары;
- Мауленкулов С.А. – арнайы пәндер оқытушысы, өндірістік тәжірибе жетекшісі;
- Кудабаева Р.Н. – арнайы пәндер оқытушысы, өндірістік тәжірибе жетекшісі.
Қорғау барысында студенттер колледж қабырғасында алған теориялық білімдерін өндірістік жағдайда тиімді қолдана алатындықтарын көрсетті, кәсіби дағдыларын дәлелдеді.
Өндірістік тәжірибені қорғау тиісті деңгейде өтті, бұл өткен тәжірибенің тиімділігін және студенттердің жоғары деңгейде дайындалғанын көрсетті.