Жатақхана студенттерінің демалыс күнін тиімді ұйымдастыру мақсатында «Тәуелсіздік күні – менің тілегім» атты тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — студенттердің патриоттық рухын арттыру, Тәуелсіздік күніне деген құрметін қалыптастыру және мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Мереке аясында студенттер өз ой-тілектерін, елге деген ізгі ниеттерін ортаға салып, белсенді түрде қатысты. Әртүрлі танымдық және сергіту бағытындағы тапсырмалар, пікір алмасулар ұйымдастырылып, қатысушылардың бір-бірімен жақын араласуына мүмкіндік жасалды.
Аталған іс-шара студенттердің мереке күнін пайдалы әрі көңілді өткізуіне, сергіп, жағымды әсер алуына ықпал етті.