Колледжде тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен 1 курс кураторларына арналған кураторлық кеңес өтті. Кеңес барысында «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттары талқыланды.
Кеңесте төмендегі мәселелерге ерекше назар аударылды:
🔹 кәмелетке толмаған студенттердің құқықтары мен жауапкершілігі;
🔹 студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары;
🔹 кураторлардың тәрбие жұмысындағы рөлі мен міндеттері.
Кураторларға студенттерге құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығы айтылып, нақты әдістемелік ұсыныстар берілді.
✨ Заңды білу — тәртіптің бастауы, тәртіп — қауіпсіз болашақтың кепілі!