Колледжде барлық кураторлардың қатысуымен кураторлар кеңесінің отырысы өтті.
Жиында өмірдің құндылығы, студенттердің белсенділігін арттыру, сондай-ақ кибербуллингтің алдын алу сияқты маңызды да өзекті мәселелер талқыланды.
Колледж психологы кураторларға студенттермен тиімді жұмыс жүргізуге бағытталған тренинг пен интерактивті жаттығулар өткізді.
Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары әрбір студенттің құндылығын, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызын, сондай-ақ білім алушыларға ықыласпен, жанашырлықпен қараудың қажеттілігін ерекше атап өтті.