8 776 905 2182 kazatkastana@mail.ru

Колледжіміздің асханасы құрылтайшылардың бастамасымен 1-қабатта жүргізілген күрделі жөндеуден кейін қайтадан өз есігін айқара ашты. Енді 100 орындық, кең әрі жарық асхана студенттер мен қызметкерлерге қызмет көрсетуге толық дайын.

Жөндеу жұмыстары барысында асхана толық жаңартылып, заманауи талаптарға сай жабдықталды. Жаңа жиһаздар, ыңғайлы орындықтар, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай ас әзірлеу аймағы және жағымды интерьер студенттерге жайлы орта қалыптастырады.

Асханада күнделікті дәмді, пайдалы әрі қолжетімді бағамен дайындалған ыстық тағамдар ұсынылады. Бұл – студенттердің дұрыс тамақтануына және оқу процесінде күш-жігерін арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Жаңартылған асхана – студенттер үшін жай ғана тамақтану орны емес, демалып, достарымен уақыт өткізуге арналған жайлы кеңістік.

📍 Баршаңызды жаңа асханамызға шақырамыз!

Skip to content