Бүгін біздің колледжге
ООО «Хэнань Ляньфэй консалтинг инфобизнеса» компаниясының өкілдері
🇨🇳 Қазақстандағы жобалар жетекшісі Ху Шиюй және
🇨🇳 компанияның директорлар кеңесінің төрағасы мырза Ву Ён (William) келді.
Кездесу барысында ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды:
қос дипломды бағдарлама
Қытайдағы халықаралық тағылымдама
қысқа мерзімді оқу курстары
даярлық бағыттары бойынша арнайы кабинеттер ашу
Бұл келіссөздер студенттеріміз үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады: кәсіби өсу, халықаралық тәжірибе және көкжиектерді кеңейту.