ALT құрылтайшысы Серіктегі Арслан Бейбітұлының және М. Тынышбаев атындағы ALT колледждерінің директорлары — Жұмаділдин А.М. мен Тоймырза А.А. Қытай Халық Республикасына жасаған жұмыс сапары халықаралық әріптестікті дамытудағы маңызды кезең болды.
Сапар барысында Хэнань провинциясының Чжэнчжоу қаласында салалық кәсіби колледждермен кездесулер өткізіліп, заманауи оқу базалары мен зертханалар таныстырылды.
Келіссөздер нәтижесінде бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру, академиялық ұтқырлық, зертханалар ашу және кадр даярлау бағыттары бойынша келісімдерге қол жеткізілді.