Дуальды оқыту 07160500 мамандығы – «Темір жолдың жылжымалы тартқышы мен жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» үшін өте қолайлы. Дуальды оқытуға оқу орны, кәсіпорын және студент арасында үшжақты келісім жасалады. Осы келісім негізінде студенттер тәжірибеден өтіп, диплом алғаннан кейін жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады.
Студенттер колледжде білім алады және алған білімдерін кәсіпорындардағы нақты жұмыстарда қолданады. Бұл тәсіл уақытты тиімді пайдаланып, бірден практикалық тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Дуальды оқыту болашақ мамандық үшін қажетті құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.
Нәтижесінде біздің студенттер тек теориялық білімге ғана емес, сонымен қатар құнды практикалық тәжірибеге ие болады, бұл олардың оқу бітіргеннен кейін жұмысқа дайын болуын айтарлықтай арттырады.