М. Тынышпаев атындағы ALT Астана көлік колледжінде DAR RAIL компаниясының басшылығымен кездесу өтті.
Кездесуге компанияның бас директоры Дүйсенов Ринат Тасболатұлы және Бас директордың орынбасары Түсіпханов Асхат Асылханұлы қатысты. Кездесу барысында студенттердің практикалық дағдыларын дамытуға және оқу орны мен жұмыс берушілер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған DAR RAIL мамандандырылған кабинетін ашу мәселесі қаралды.
Қонақтар үшін колледжге қысқаша экскурсия өткізілді. Тараптар DAR RAIL мамандандырылған кабинетін брендтеу мәселелерін, сондай-ақ ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады.
Атап айтқанда, компания мамандарының білім беру процесіне қатысу, демонстрациялық сабақтар өткізу, сондай-ақ колледж қызметкерлерін оқыту мен біліктілігін арттыруды ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылды.
Мұндай кездесулер білім беру мекемелері мен жұмыс берушілер арасындағы әріптестік қатынастарды нығайтуға, сондай-ақ теміржол саласының болашақ мамандарын даярлау сапасын арттыруға ықпал етеді.