Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ұстаздарымыз бес күндік арнайы курстан өтіп, қаржыны басқарудың негізгі қағидаттарын меңгерді.
Курста:
✔️ Қаржылық мінез-құлық психологиясы
✔️ Отбасылық бюджет пен шығындарды жоспарлау
✔️ Инфляция мен инвестиция
✔️ Цифрлық активтер, несие, зейнетақы жүйесі
✔️ Алаяқтықтан қорғану жолдары талқыланды.
Енді колледжіміздің педагогтері алған білімін студенттерге үйретіп, жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға үлес қоспақ.
Қаржылық сауаттылық – тұрақты болашақ кепілі!