Колледжімізде әдістемелік кабинет ұйымдастыруымен колледж оқытушыларына арналған «Аудиториядан тыс іс-шараларды ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдері» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, тәрбие жұмысының негізгі бағыттарын жүйелі түрде жүзеге асыру жолдары жан-жақты талқыланды. Қатысушыларға аудиториядан тыс іс-шараларды жоспарлау мен өткізудің тиімді әдістері ұсынылып, тәжірибелік мысалдар арқылы түсіндірілді.
Семинар соңында педагогтердің саулығын нығайтуға бағытталған психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Тренинг барысында оқытушылар сергіп, еркін форматта өз ой-пікірлерімен және эмоцияларымен бөлісіп, өзара тәжірибе алмасып, күнделікті педагогикалық қызметте қолдануға болатын пайдалы ақпараттар алды.
Аталған семинар педагогтердің кәсіби дамуына, тәрбие жұмысының сапасын арттыруға және ұжымдағы жағымды психологиялық ахуалды нығайтуға өз үлесін қосты.
Семинар спикері:
Сәрсенбаева Айнұр Орынтаевна — директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.