Колледжде жұмысшы мамандықтар бойынша білім алатын 1-курс студенттерінің ата-аналарына арналған жиналыс өтті.
Жиын барысында бірінші семестр қорытындысы, студенттердің оқу үлгерімі мен колледж өміріне бейімделу деңгейі талқыланды. Сонымен қатар тәрбие жұмысының бағыттары, колледждің игі дәстүрлері және «Адал азамат» бағдарламасының мақсат-міндеттері таныстырылды.
Ата-аналарға білім алушыларды тегін ыстық тағаммен қамтамасыз ету туралы ақпарат берілді.
Кездесу аясында ата-аналар колледждің жаңартылған ғимаратын аралап, заманауи жабдықталған оқу кабинеттері мен өндірістік шеберханалармен танысты.
Жиын ашық диалог форматында өтіп, ата-аналар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.