8 776 905 2182 kazatkastana@mail.ru

М.Тынышпаев атындағы Астана АLT көлік колледжінде 2026 жылғы Астана қаласы колледждерінің директорлар кеңесінің бірінші отырысы өтті.

Кездесу барысында 2025–2029 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту тұжырымдамасының жүзеге асырылу барысы қарастырылып, ALT колледжінің практикалық тәжірибесі таныстырылды.

Білім беру бағдарламаларын жаңарту, материалдық-техникалық базаны нығайту, дуальды оқытуды дамыту және цифрлық технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында кәсіпорындармен ынтымақтастықты кеңейту, өндірістік тәжірибені ұйымдастыру және түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштерін арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде еңбек нарығының сұранысына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тетіктері қарастырылды.

Қатысушылар жөндеуден кейін жаңартылған колледж ғимаратымен, заманауи жабдықталған кабинеттермен және кітапханамен танысты.

Кездесу қорытындысы бойынша бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие мамандар даярлау техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басым міндеті екені атап өтілді.

Skip to content