10.09.2025 күні 1-2 курс студенттеріне арналған лекторлық сағат өтті.Іс-шараны Дін істері басқармасының ақпараттық-түсіндіру тобы ұйымдастырып, жастарға жат ағымдардың алдын алу, діни сауаттылықты арттыру және саналы көзқарас қалыптастыру жайында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Осындай кездесулер студенттеріміздің ой-өрісін кеңейтіп, дұрыс ақпарат алуына және жат ықпалдарға қарсы тұруына септігін тигізеді.