«Ақиқат» пікірталас клубының ұйымдастыруымен 1-курс студенттері арасында «Заң және тәртіп» тақырыбында дебат өтті.
Іс-шараның мақсаты – заң мен тәртіптің маңызын терең ұғындыру, білімгерлерді қоғамдық тәртіпті сақтау арқылы қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуға шақыру.
Дебаттың бірінші турында «Болашақ» және «Алғыр» командалары өзара сайысқа түсіп, бірінші раундтағы командалардың ойынын 2-курс студенті Балнұр Орынбасарқызы қорытындылады.
Екінші раундта «Алтын қыран» және «Алғыр» командалары кездесті.
Пікірталас сайысы жоғары деңгейде өтіп, студенттердің сыни ойлау қабілеті мен құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етті.