2025 жылғы 17 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің көліктегі департаментінің бөлім прокурорлары Б.Мұхамедали және А. Керейбаевпен «Тәртіпті өзіңнен баста» акциясы аясында М.Тынышпаев ат.Астана ALT колледждің 1-курс студенттерімен кездесу өткізілді.
Кездесудің негізгі мақсаты — өскелең ұрпаққа қоғамдық орындардағы мінез-құлыққа қатысты өзекті мәселелерді, сондай-ақ құқық бұзушылықтың жасалу салдарын түсіндіру.
Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.