Әдістемелік кабинет жұмысы аясында практикалық оқу нәтижелерін бағалау критерийлері, өндірістік және оқу практикасын ұйымдастыру, дуалды оқыту жүйесі, сондай-ақ теміржол мамандықтары бойынша оқытуда жасанды интеллектіні (ЖИ) тиімді қолдану тақырыптарында семинар өткізілді.
Семинар барысында білім беру үдерісінің сапасын арттыруға бағытталған заманауи тәсілдер, тәжірибелік оқытуды жетілдіру жолдары және жасанды интеллект құралдарын қолдану мүмкіндіктері талқыланды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, өздерін қызықтырған өзекті сұрақтарға жауап алды.
Семинар спикерлері:
- Ахметов Б.Ж. — директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары
- Ишамбулова А.А. — информатика пәні мұғалімі