2026 жылғы 5 қаңтарда әдістемелік кабинет жұмысы аясында педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға және білім беру сапасын жақсартуға бағытталған әдістемелік семинар өткізілді.
Семинар барысында педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету, білім беру бағдарламаларын әзірлеу, түзету және өзектендіру, сондай-ақ педагогтердің кәсіби тиімділігін арттыру мәселелері жан-жақты қарастырылды.
Семинар тақырыптары:
- білім беру бағдарламаларын (ББ) әзірлеу, түзету және өзектендіру бойынша әдістемелік қолдау, оқу нәтижелерін, құзыреттерді, оқу жоспарларын және бағалау құралдарының қорын қалыптастыру;
- педагогтің оқу құжаттамасын жүргізудегі жауапкершілігі және нормативтік талаптарды сақтау;
- авторлық (әдістемелік) жұмыстарды сараптамаға дайындау және жолдау алгоритмі;
- педагогикалық қызметтің сапасын бағалау критерийлері (KPI) – педагогтің кәсіби тиімділігін арттыру құралы.
Семинар спикерлері:
- Аймагамбетова Б.А. – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
- Рахметова Г.М. – оқу бөлімінің меңгерушісі
- Касымова С.Ж. – «Энергетика, автоматика және жылжымалы құрам (ЭАЖҚ)» бөлімшесінің меңгерушісі
- Кубжетерова А.А. – әдістемелік кабинет меңгерушісі
Семинар мазмұнды әрі нәтижелі өтті. Қатысушылар тәжірибелік ұсыныстар алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Мұндай іс-шаралар педагогтердің кәсіби дамуына және білім беру үдерісінің сапасын арттыруға ықпал етеді.