Колледж туралы
М.Тынышпаев атындағы Астана ALT көлік колледжі
М.Тынышпаев атындағы Астана ALT көлік колледжі – қазіргі заман талаптарына сай, еңбек нарығында сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті мамандар даярлайтын оқу орны.
Колледж 1959 жылы Омбы теміржол инженерлік институтының оқу-кеңестік пункті ретінде құрылып, 1980 жылы Алматы теміржол көлігі инженерлері институтының (АлИИТ) филиалы болып қайта ұйымдастырылды. 2007 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы базасында колледж ретінде ашылды.
КОЛЛЕДЖДІҢ МИССИЯСЫ
Жаңа ұрпақтың жоғары білікті кадрларын даярлау – қоғамның өзгермелі жағдайларына тез бейімделе алатын мамандарды қалыптастыру. (Колледж миссиясы – оның қызметінің мәнін айқындайды, мәртебесін, жұмыс қағидаттарын және басшылықтың мақсаттарын көрсетеді).
Колледж теміржол және құрылыс салалары бойынша келесі 6 мамандық бойынша мамандар дайындайды:
• 07130200 – «Электрмен жабдықтау» (салалар бойынша)
• 07140700 – «Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару»
• 07160500 – «Теміржолдардың тартқыш жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету»
• 07320100 – «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану»
• 07320800 – «Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы»
• 10410200 – «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару»
Қысқа мерзімді курстар:
• «Тальго» жолаушылар вагонының жолсерігі
• Мобилограф
Колледж жұмыс істеген жылдар ішінде теміржол саласының 5000-нан астам маманын даярлады.
Тәжірибелік сабақтарды колледж оқытушылары мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ мамандары өткізеді. Өндірістік тәжірибелер келесі құрылымдық бөлімшелерде өтеді:
• «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Теміржол көлігі қызметкерлерін бағалау және дамыту орталығы»
• «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Вагон-Сервис» АҚ
• «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Байланыс және сигнал беру дистанциясы»
• «Камкор-Локомотив» ЖШС – Астана локомотив жөндеу депосы
• «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Жүк тасымалдары»
• «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Астана электрмен жабдықтау дистанциясы»
Аталған құрылымдық бөлімшелер колледждің әлеуметтік серіктестері болып табылады. Әлеуметтік әріптестік аясында жыл сайын 500–600 студент тәжірибеден өтеді. 18 шарт пен меморандум жасалған.
Серіктестермен бірлескен жұмыс нәтижесінде студенттердің 82–87%-ы жұмыспен қамтылған.
Тәрбие жұмысындағы басты бағыт – студенттік өзін-өзі басқаруды жетілдіру. Студенттер кеңесі Астана қаласының басқа оқу орындарымен, жастар ұйымдарымен, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарымен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе белсенді жұмыс жүргізеді.
Студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Осы мақсатта колледжде:
• қызығушылық клубтары,
• спорттық секциялар,
• шығармашылық топтар,
• мәдени шаралар ұйымдастырылған.
Колледжде 200 орындық студенттік жатақхана бар. Жатақхана студенттері оның ішкі жұмысына, аумақты көгалдандыруға белсене қатысады.
КВН командасы «Теміржол тарландары», би және ән ұжымдары қалалық және республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие. Барлық мерекелік іс-шаралар колледж әкімшілігінің қолдауымен және жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен өтеді.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру – тәрбие жұмысының басты бағыттарының бірі. Студенттер «Қазақ күресі», «Армрестлинг», «Гир көтеру» сияқты спорт түрлерінен жарыстарда алдыңғы қатарда.
Әскери-патриоттық тәрбиеге де үлкен көңіл бөлінеді. «Ақ найза» әскери-спорттық марафонында колледж командасы жыл сайын үздіктер қатарында. Студенттер «Мерген» үйірмесіне және спорт секцияларына ерекше қызығушылық танытады.
Педагог имиджін арттыру мақсатында «Үздік педагог», «Үздік куратор» байқаулары өткізіледі.
Колледж 2017 жылы институционалдық және мамандандырылған аккредитациядан сәтті өтті, ал 2023 жылы мемлекеттік аттестациядан өтті. Осыған байланысты мемлекеттік үлгідегі дипломдар шетелдік аккредитациялық органдар тарапынан мойындалады.