Астана қаласы әкімдігінің «Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» КММ мен «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» ШЖҚ МКК бірлесіп, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған «Тәуелсіздік – теңгесі» атты интеллектуалдық ойын өткізді. Ойынға тарих пәнінің оқытушысы Калел Гаккудің жетекшілігімен колледжіміздің 1, 2 және 3-курс студенттерінен құралған «Ақиқат» дебат клубының мүшелері қатысып, ІІІ орынға ие болды.