8 776 905 2182 kazatkastana@mail.ru

Астана қаласындағы Астана жастары ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен JASTAR TALKS жобасы аясында колледж студенттері қазақстандық танымал тележүргізуші, журналист, продюсер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері — Ләйлә Сұлтанқызымен әсерлі кездесу өткізді.

Кездесу барысында жастар медиа саласы, тұлғалық даму, еңбекқорлық пен өмірлік тәжірибе туралы құнды ойлармен бөлісіп, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

Жастарға шабыт сыйлаған ашық сұхбат ерекше атмосферада өтіп, студенттерге үлкен мотивация мен рухани серпін берді. Осындай тағылымды кездесулер өскелең ұрпақтың болашағына бағыт-бағдар беріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.

Skip to content