23 сәуірде Қарағанды Агротехникалық колледжінің әкімшілігі М.Тынышбаев атындағы Aстана ALT көлік колледжіне жұмыс сапарымен келді.
Кездесу барысында басшылар техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғыртуға бағытталған стратегиялық ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін талқылады. Тәжірибе алмасу жоспарлары белгіленді: үздік педагогикалық тәжірибелер мен оқыту әдістемелерін енгізу, қазіргі еңбек нарығының талаптарына сай инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу.
Сонымен қатар, құзыреттерді дамытуға ерекше назар аударылды: техникалық және цифрлық дағдыларды меңгерген жаңа буын мамандарын даярлау үшін байланыстарды нығайту көзделді.
Біз колледждер арасындағы серіктестік – сапалы кадр даярлаудың және студенттеріміздің табысты болашағының кепілі екеніне сенеміз!