23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай Астана қаласындағы М.Тынышбаев атындағы Астана ALT көлік колледжі кітапханасының оқу залында «Кітап – білім бұлағы» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және әдебиетке деген сүйіспеншілігін нығайту.
Кеш барысында студенттер өздері оқыған кітаптары бойынша пікір алмасып, өлең оқып, әсерлерімен бөлісті.
Сонымен қатар, «Бірге оқимыз» жобасы аясында ұйымдастырылған «Ай мен Айша» шығармасы бойынша 30 күндік марафонның қорытындысы шығарылды.
Әдеби кеш соңында үздік қатысушылар арнайы номинациялар бойынша марапатталды. Атап айтқанда, «Ең белсенді оқырман», «Ең жүйрік марафоншы», «Үздік пікір иесі» номинациялары бойынша студенттерге Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.