ТҰжҚ бөлімшесінің онкүндігі өз мәресіне жетті. Осы уақыт аралығында білім мен тәжірибе тоғысқан, шығармашылық пен ізденіске толы ерекше күндер өтті.
Ұстаздарымыздың кәсібилігі мен білім алушыларымыздың белсенділігі нәтижесінде әрбір іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Онкүндік барысында ашық сабақтар, қонақ дәрістері, өндіріс өкілдерімен және колледж түлектерімен кездесулер, зияткерлік ойындар және
макеттер байқауы өткізіліп, қатысушылар өз қабілеттерін шыңдап, жаңа белестерді бағындырды.
Осындай керемет нәтижеге жетуге атсалысқан барша ұстаздар мен білім алушыларға алғысымыз шексіз!
Алдағы уақытта да биік белестерді бірге бағындыра берейік!