ТҰжҚ бөлімшесі онкүндігінің қорытынды іс-шарасы — теміржол, құрылыс және электрмен қамтамасыз ету мамандықтары бойынша ұйымдастырылған макет байқауы.
Бұл жарыс — білім мен шеберліктің, идея мен еңбектің тоғысқан алаңы болды.
Әрбір жоба — бұл жай ғана макет емес, бұл — болашақ инфрақұрылымның моделі, инженерлік ойдың көрінісі, кәсіби құзыреттіліктің нақты дәлелі.
Қатысушылар теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, шығармашылық тұрғыдан ерекше шешімдер ұсынды.
Осындай бастамалар арқылы білім алушылар өз жолын сенімді таңдап, үлкен мақсаттарға қадам басуда.