АО НК «ҚазАвтоЖол» компаниясының өкілдері — аппарат басшысы Ажар Теміржанқызы Аманжолова және Персоналды басқару және ұйымдастыру жұмыстары департаментінің жетекші менеджері Дина Оразғалиқызы Махметова — колледжге жұмыс сапарымен келді.
Кездесу барысында ынтымақтастықты дамыту перспективалары, студенттерге қолайлы жағдай жасау, өндірістік тәжірибені ұйымдастыру, кадрларды қайта даярлау және түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды.
Арнайы пәндер кабинетін заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету арқылы тәжірибеге бағытталған оқытуды күшейтуге ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар «Автомобиль жолдары мен әуежайлар құрылысы» атты жаңа мамандық ашу мәселесі қарастырылды. Атап айтқанда, оқу кабинетін заманауи құралдармен және практикалық сабақтарға қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету, сондай-ақ кабинеттер мен зертханаларды «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның корпоративтік стилінде брендтеу ұсыныстары талқыланды.
Бұл бастамалар студенттердің білім алуын өндіріс жағдайына барынша жақындатып, еңбек нарығында сұранысқа ие практикалық дағдыларды меңгеруіне мүмкіндік береді.