Колледжде «Энергетика, автоматика және жылжымалы құрам» бөлімінің 2026 жылғы 12–26 ақпан аралығындағы «Білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды пайдалану арқылы болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру» атты шығармашылық онкүндігінің ашылу салтанаты өтті.
Онкүндік аясында ашық сабақтар, тәжірибелік жұмыстар, шеберлік сағаттары және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады. Барлық шаралар білім алушылардың кәсіби дағдыларын дамытуға, инновациялық ойлау қабілетін қалыптастыруға және заманауи технологияларды тиімді қолдануға бағытталған.
Іс-шаралар топтамасы студенттердің теория мен тәжірибені ұштастырып, еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына мүмкіндік береді.