8 776 905 2182 kazatkastana@mail.ru

Көлік колледжінде «Ғимараттар мен құрылыстар салу» мамандығы бойынша EXPERT LABORATORY ұйымының өкілдерімен студенттерге арналған кездесу өтіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Кездесу барысында қонақтар компанияның қызмет бағыты, жас мамандарға қойылатын талаптар, өндірістік тәжірибеден өту және алдағы уақытта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.

Іс-шараға колледж директоры Жұмаділдин А.М., оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Ахметов Б.Ж., арнайы пәндер оқытушылары Омарова Ж.М. және Тореева Н.М. қатысты.

Кездесу іскерлік әрі мазмұнды форматта өтті. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби өсу перспективалары туралы мағлұмат алды.
Меморандумға қол қою колледж бен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Skip to content