2026 жылғы 28 қаңтарда колледжде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің көліктегі департаментінің бөлім прокуроры А. Керейбаевтың қатысуымен «Тәртіпті өзіңнен баста» акциясы аясында 3-курс студенттеріне арналған лекциялар өткізілді.
Лекция барысында келесі тақырыптар қамтылды:
- Қоғамдағы мінез-құлық ережелері;
- Қаржылық сауаттылық;
- Дропперлік және оның құқықтық салдары;
- Белгіленбеген жерлерде теміржол арқылы өткені үшін жауапкершілік.
Кездесудің негізгі мақсаты – өскелең ұрпаққа қоғамдық орындардағы мінез-құлыққа қатысты өзекті мәселелерді түсіндіру, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың салдары туралы кеңінен ақпарат беру.
Мұндай іс-шаралар студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.